Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі жауап берді
Сенаттың пленарлық отырысында Жаслан Мәдиев 2023 жылы Қазақстанда IT-саланың қарқынды өсуін атап өтті, бұл саланы жұмысқа орналасу үшін ең тартымды бағыттардың біріне айналдырды. Оның мәліметінше, IT-компаниялардың саны 17 922-ге жетіп, 2022 жылмен салыстырғанда 11 пайызға өскен,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.
Министрдің пікірінше, мұндай көрсеткіштер IT-секторға қызығушылықтың артып, оның қарқынды дамып жатқанын көрсетеді.
"2023 жылы IT-мамандардың орташа жалақысы 588 мың теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 35 пайызға жоғары. Бұл білікті мамандарға сұраныстың артып, еңбек нарығындағы бәсекелестік деңгейінің жоғары екендігін көрсетеді", – деп атап өтті Мәдиев.