Науқастар суды өз ақшаларына сатып алуға мәжбүр болып отыр
Ақтаудағы балалар жұқпалы аурулар ауруханасы мен перинаталдық орталықтың науқастары бірнеше күннен бері су тапшылығына шағымдануда, деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
1-шағын аудандағы балалар ауруханасында және 26-шағын аудандағы перзентханада ем қабылдап жатқан пациенттердің айтуынша, соңғы екі-үш күнде су жоқ.
Науқастар суық судың мүлдем жоқ екенін айтады. Перинаталдық орталықта ыстық су болғанымен, оның түсі лайлы, пайдалануға жарамсыз. Жас аналардың бірі 27 қазанда босанғанын, бірақ қол жууға және қажетті гигиеналық шараларды жасауға мүмкіндік жоқ екенін жеткізді.
Сонымен қатар, кейбір науқастар суды дүкеннен сатып алуға мәжбүр болып отыр екен.