Қуан, қазақ! Ел қоржыны үшінші алтынмен толықты nur.kz

Қазақ қызы өзбекстандық Рухшона Паприеваны 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді

Қазақстандық жас боксшы Аружан Зейноллаева Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында 81 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Финалдық кездесуде ол өзбекстандық қарсыласы Рухшона Паприеваны 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Осы жеңісі үшін Зейноллаева ұйымдастырушылардан 8000 доллар көлемінде (шамамен 3,9 млн теңге) сыйақы алатын болады.

Будвадағы чемпионатта бұған дейін қазақстандық боксшылар Төрехан Сабырхан мен Санжарәлі Бегалиев те алтын медаль иеленген еді. Қазіргі уақытта Қазақстанның қоржынында 10 қола және 3 алтын жүлде бар. Еске салсақ, Аружан жартылай финалда польшалық Юлия Ханнаны жеңіп, финалға жолдама алған болатын. Мамыр айында Астанада өткен Азия чемпионатында да ол алтын медальға қол жеткізген.

    Көп оқылды: