Қазақстанда кальянға толық тыйым салынады market.yandex.ru

Қазіргі заң бойынша Қазақстанда қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салынған

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі елде кальян сатуға және шегуге толық тыйым салынуы мүмкін деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Министрлік Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында қоғамдық орындарда кальян сатуға шектеу енгізу мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеді.

"Кальян тұтынудың кең таралуына байланысты оны реттеу шараларын күшейту қажеттігі туындады. Кальянға арналған темекі мен қоспаларды (сату және тұтыну) реттеуді және оларды тұтынуды азайтуға бағытталған алдын алу шараларын күшейту мәселесі талқыланып жатыр," - делінген министрліктің жауабында.

Қазіргі заң бойынша Қазақстанда қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салынған. Дегенмен, кальяндарды сатуға әзірге шектеу жоқ, яғни жеке тұрғын үйлерден тыс жерлерде де оларды сатуға рұқсат етілген.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеушілік әсерге талдау қажет. Бұл шеңберде жаңа нормалар жобасы, жауапты мемлекеттік органның түсініктемелері, айыппұл мөлшерін өзгерту қажеттілігі қаралады. Жоба дайын болғаннан кейін бизнес-қоғамдастық өкілдерімен қоғамдық тыңдаулар өтеді," - деп толықтырды Денсаулық сақтау министрлігі.

    Көп оқылды: