Қазақстан құрамасы бокстан әлем чемпионатында тарихи жетістікке жетті
Бокстан Қазақстан жастар құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының жалпыкомандалық есебінде бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Будвада (Черногория) өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 6 алтын, 1 күміс, 10 қола медаль жеңіп алды. Бұл жарыста ел намысын 25 боксшы қорғады.
Жүлде кестесіндегі ТОП-10 құрама:
- Қазақстан – 6 алтын, 1 күміс, 10 қола;
- Өзбекстан – 5 алтын, 5 күміс, 3 қола;
- Ресей – 5 алтын, 2 күміс, 1 қола;
- Қытай – 3 алтын, 3 күміс, 4 қола;
- Ирландия – 3 алтын;
- Түркия – 1 алтын, 2 күміс, 3 қола;
- Солтүстік Корея – 1 алтын, 1 күміс;
- Мексика – 1 алтын, 1 қола;
- Әзербайжан – 2 күміс, 3 қола;
- Бейтарап – 2 күміс, 1 қола.
Айта кетейік, Будвадағы жарыстың жалпы жүлде қоры 500 000 АҚШ доллары болды. Жеңімпаздарға 8000 доллар, күміс жүлдегерлерге 4000 доллар, қола жүлдегерлерге 2000 доллар, ширек финалистерге 1000 доллар сыйақы берілді.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?