Төрехан Сабырхан алғаш рет әлем чемпионатына қатысып тұр.
Төрехан – ең үздік боксшы. Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша ең үздік боксшыға берілетін сыйлықты да қазақстандық спортшы иемденді. Яғни, оған ұлттық құрама капитаны 67 келіде өнер көрсеткен Төрехан Сабырхан лайық деп танылды.
Айта кетейік, ол іріктеу кезеңдерінде Черногория, Ауғанстан, Өзбекстан және Қытай боксшыларын ұтты. Ал, финалда кубалық Дэвид Эспиносадан басым түсті. Төрехан алғаш рет әлем чемпионатына қатысып тұр. Бұған дейін 4 мәрте Азия чемпионатында бақ сынады және 4 дүркін жеңімпазы атанды. Айта кету керек, Төрехан спорттық мансабындағы бірде-бір жарыста жеңіліп көрмеген. Ол қазір 18 жаста. Яғни, енді ересектер қатарына ауысып, жеңіс жолын жалғастыруға тырысады. Тіпті, оны алдағы ересеткер арасындағы Қазақстан чемпионатынан да көріп қалуымыз әбден мүмкін.