Хасанның анасы мен әйелі Президенттен көмек сұрады
Хасан Қасымбаевтың анасы Гүлнар Нұракенова ұлының ұсталуына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Гүлнар Нұракенова Президенттен көмек сұрады.
«Менің баламның ісін әділетті шешіп беруіңізді, істі өз қарамағыңызға алып, осыны анықтап беруіңізді сұраймын. Баламды жазықсыз кінәлап отыр. Кінәсін дәлелдеп берсін. Департаментке де сол үшін келіп отырмын. Жауабын сол кісілерден күтемін», – дейді Қасымбаевтың анасы.
Бүгін талғарлық Шерзат Болаттың өлімінен кейін аты қызу талқыға түскен хуторлық Хасан Қасымбаев ұсталғаны хабарланған болатын. Артынша полиция Қасымбаев не үшін ұсталғанын түсіндірді.
Дереккөз: Skifnews.kz.