Кеше түнде Еуропа чемпионатының аясында Англия мен Испания құрамалары кездесті
Футболдан Англия ұлттық құрамасы жасыл алаңда испандықтарға есе жіберіп, жеңіліс тапты,-деп хабарлайды dopmedia.kz
Англия құрамасының бас бапкері- Гарет Саутгейт 2 рет қатарынан Еуропа чемпионатының шешуші ойындарында жеңіліс тапқан бапкер ретінде чемпионат тарихына кірді.
Англия әлі күнге дейін Еуропа чемпионы атағына ие болмаған. Осы күнге дейін құрама екі қола және бір күміс иегері атанған.
Айта кетейік, шешуші ойын Берлин қаласының “Олимпиаштадион” стадионында өтті.