Депутат әскерге өз баласын жіберетіні туралы айтты
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан әскерге өз баласын жіберетіні туралы айтты, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Ол Еrbol Seilkhan Youtube-арнасына берген сұқбатында әскерге бару туралы баяндады.
"Әскерге күштеп алып кетуді қолдаймын, неге қолдамауым керек? Конституцияда әскерге бару әрбір 18 жасқа толған азаматтың міндеті екені жазылған, құқығы емес, міндеті. Менің осы сөзімнен кейін бәрі шулады, сөйтіп бір-екі пікірді оқысам, кейбір адамдар "оңбаған", "өзінің баласына осыны тілер ме еді?" дегендер көп жазылыпты. Енді қызықты қараңыз, 15 жастағы Қалижан деген ұлым дәл қазір Астанадағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде оқып жатыр. Ол оқуға қыркүйекте түсті. Мен сол кезде халық алдында шығып, айтқым келді. Мен ұлымды әскерге жіберемін, ешқандай күмән болмасын. Жібергелі жатырмын. Мен тек оқуға түспей қалса қайтемін деп ойладым. Мен ұлымды былтырдан бері дайындап жатырмын, ұлыма "ел басына күн туса, қолыңа қару ұстайтын шамаң болуы керек" деп айтамын. Сонда әскерден бәріміз қашуымыз керек пе? Әлде елді, жерді қорғауды әйелдерге қалдырайық па? Мен депутат ретінде әскердегі әлімжеттікке не істей аламын? Мұндай дүние Кеңес Одағының кезінде де болды, қазір де соны тоқтата алмай тұр", – деді ол.