Бұл жағдай Астана қаласында орын алды
Астанада Мәңгілік Ел даңғылында көлік мопед жүргізушісін қағып кетті. Кейіннен мопедті 2011 жылы туған жасөспірім басқарғаны анықталды, деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Желіде оқиға орнынан видео тарады. Кадрларда мопедтің қираған бөлшектері мен жедел жәрдем қызметкерлерінің баланы зембілге жатқызып жатқаны көрінеді.
Полиция департаментінің мәліметінше, 4 қарашада Мәңгілік Ел даңғылы мен Алматы көшесінің қиылысында кәмелетке толмаған мопед жүргізушісі жол-көлік оқиғасына тап болған.
"Оқиға орнына барған полиция жасағы жасөспірім Мәңгілік Ел даңғылымен Керей-Жәнібек хандар көшесіне қарай жүріп келе жатып, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп, жүргізушісі қарсы бағытта маневр жасап жатқан Hyundai көлігімен соқтығысқан. Кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады полицейлер.