Сұмдық: Әлихан Бөкейханның қолына темекі мен ішімдік ұстатып қойған Видеодан скриншот

Түнгі клубтың бірінде Әлихан Бөкейханның қорланған суреті табылды

Тексіздер төрге келетін болса, тектінің басы жерге домалайды. Түнгі клубтың бірінде Алаш арыстаны Әлихан Бөкейханның қорланған суреті табылды, деп Dopmedia.kz. тілшісі Alash.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы Facebook желісінің белсенді оқырманы Төребек Сағындық жариялады.

Оның айтуынша, түнгі клубтың бірінде Әлихан Бөкейханның суретін алып, оның қолына шылым мен ішімдік ұстатып қойған. 

Аузы жаман көрді былғайды, аяғы жаман төрді былғайды дейді. Қазақтың жастарына “не істей аласың?” деген пасық оймен істеп жатқан дүние ғой. “Жамандардың көбейіп кетуінен емес, жақсылардың жалқаулығынан” деген сөз бар. Жігіттер әркез осындай қателіктерді түзетуге тырысайық. Сіз бен біз ұйықтап жүргеннен кейін осындай дүниелер істеліп жатыр. Ұйықтаған халықты білесіздер, не жер бетінен жойылып кетеді, не тұрғанда құл боп оянады. Тіпті елдің көшбасшысын қорлап, клубқа әкеп қойдық. Жігіттер, жақсылыққа бірігейік! – деді ол күйініп.

 

    Көп оқылды: