11 жастағы қазақ қызы халықаралық турнирде топ жарды
11 жастағы қазақстандық үстел теннисшісі Жания Бекмұхамбетова Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен WTT Youth Contender Szombathely 2024 турнирінде қола жүлде иеленді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Ол U13 жас санатында бақ сынап, Украина спортшысы Марина Дробованы (3:0), словениялық Клара Рахотинаны (3:0), словакиялықтар Вивьен Муркованы (3:1) және Доминика Девяткованы (3:0), сондай-ақ Венгрия өкілі Зофия Фегиверді 3:1 есебімен жеңді. Тек Тайбэйден келген Ли Джэн-Юэге ғана (0:3) есе жіберді.
Айта кетейік, Жания Бекмұхамбетова өткен аптада Мысыр мен Сербияда өткен WTT Youth Contender турнирінде алтын медаль жеңіп алған болатын.
Дереккөз: Olympic.kz.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?