Оның айтуынша ақ көйлек кию дәстүрі Еуропадан келген
Белгілі коллекционер-этнограф, Қазақстандағы жалғыз түркі халықтарының алтын және күміс антиквар бұйымдары сақталған жеке мұражайдың иесі Бахаргүл Төлегенқызы ұзатылып жатқан қыздың киіміне қатысты пікір білдірді, деп Dopmedia.kz тілшісі Ozgeris.info сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Ұзатылып бара жатқан қыз қызыл көйлек киюі тиіс. Ақ көйлек кию Еуропадан келген. Сәукеленің артында ақ немесе қызыл желек болады. Ал қызыл орамалды мойнына тағып алу өздері жасап алған салт», — деді ол сұқбатында.
Желі қолданушыларының көп бөлігі этнографтың бұл сөзіне қарсы шықты.
«Ақ кисе де, жасыл кисе де өздері білсін. Бастысы қорланбай өмір сүрсе болды», «Үлкен апалар басына орамал тағады… Қатты боянбайды», «Қыз бен әйел туралы айта береді. Еркекке қатысты салт білесіз бе?», «Қытайдан келген салт бұл», — деп жазды олар.
Алайда бұл пікірді қолдағандар да табылып қызына қызыл түсті киім кигізіп ұзатқандар да бар екен.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?