Павлодар облысында әйелдің үстіне ағаш құлады Из открытых источников

Жедел жәрдемге 7 қараша күні сағат 9.37-де қоңырау түскен.

Павлодар облысында қатты жел соғып, әйелдің үстіне ағаш құлады. Жарақат алған әйел оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Dopmedia.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Естай көшесіндегі үйдің ауласында 67 жастағы әйелді ағаш басып қалды. Оқиға орнына жеткенше 6 минут уақыт кетті. Өлімге әкелетін жарақаттар алған әйел оқиға орнында көз жұмды. Марқұмның екі аяғы, кеудесі, жамбас сүйектері мен омыртқасы сынған. Сондай-ақ ішкі ағзаларына зақым келіп, 3-4 дәрежелі травматикалық шок алған”, – делінген хабарламада.

Жедел жәрдемге 7 қараша күні сағат 9.37-де қоңырау түскен.

Синоптиктердің хабарлауынша, 7 қарашада Павлодар облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Жел екпіні 23-28, кей жерлерде 30 және одан да көп болады.

 

 

 

    Көп оқылды: