Астана қаласының прокуратурасы бюджеттен ақша ұрламақ болғандарды әшкереледі
Астана қаласының Есіл ауданы прокуратурасы мемлекеттік сатып алу сомасының негізсіз асыра бағаланғанын анықтады, деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Жергілікті атқарушы орган 446 миллион теңгеден астам сомаға республикалық және халықаралық жарыстарға шайбалы хоккей командаларын дайындау мен қатысу үшін сатып алу жариялаған. Конкурстық құжаттаманы тексеру барысында 117 миллион теңге көлемінде асыра бағалау болғаны белгілі болды.
Қадағалау актісі бойынша конкурстың нәтижелері жойылып, бюджет қаражатын негізсіз жұмсауға жол берілмеді.