Ресейлік мамандар «Барысқа» көз сала бастады
Ресейлік хоккей сарапшысы Алексей Шевченко 2024/25 маусымындағы «Барыстың» жағдайы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
«Мен «Барыс» қайда бара жатқанын түсінбеймін. Мүмкін, физикалық дайындықтарын жақсартқан шығар, бірақ ойын жоқ. Бәрі ойсыз, басқару жоқ. «Барыста» осы маусымда үшінші жаттықтырушы тағайындалды, бірақ жағдай одан сайын нашарлап барады. Мамбетәлиев әлі де бірқатар жақсы сәттердің болғанын туралы айтады. Мысалы, үш ойыншы («Автомобилиске» қарсы) жақсы ойнады дейді. Содан не пайда?» – деді Алексей Шевченко.
Айта кетейік, ҚХЛ чемпионатындағы 23 ойыннан кейін «Барыс» 14 ұпай жинап, Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 11-орында тұр. Келесі ойында қазақстандықтар 11 қарашада Астана уақыты бойынша 21:00-де қонақта ресейлік «Нефтехимик» командасымен кездеседі.