Дмитрий Бреус: Үшінші кезеңде есімізді жиып, өз ойынымызды жүргіздік Фото: ашық дереккөз

Ойыншы матч жайында өз ойын білдірді

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Дмитрий Бреус Азия чемпионатында Қытай қақпасына хет-трик жасады. Ойыншы матч жайында өз ойын білдірді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

«Әрине, бірінші кезеңнен осылай ойнауымыз керек еді. Үшінші кезеңде есімізді жинап, өз ойынымызды жүргіздік, нәтижесінде шайбалар да соғыла бастағаны қуантады. 
Үзіліс кезінде өз ойынымызды көрсетіп, бар күшімізді салып ойнауымызды сұрады. Шабытымыз ашылып, қарсылас қақпасын көздедік. 
Осыншама шайба соққаныма қуаныштымын, маған пас берген серіктестеріме рахмет! Трибуна лық толды, қолдау керемет болды. Бұл біз үшін қуаныш және Қазақстан хоккей үшін жетістік» — деді Бреус.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыдағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы Қытайдан (6:1) басым түсті, 9 қараша күні Жапониямен ойнайды.

    Көп оқылды: