Трамптың сүйікті файтері қазақ жауынгерін "сабайтынына" сенімді Фото: Sean M. Haffey/Getty Images

Ол Шавкат Рахмоновпен кездесуге дайын екенін айтты

Америкалық файтер Колби Ковингтон жартылай орта салмақтағы жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновпен UFC 310 турнирінде кездесуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

"Мен UFC басшылығына жекпе-жекке шығуға дайын екенімді айттым, Шавкат Рахмоновпен кездесуге қарсы емеспін. Бірақ UFC-дің басқа жоспарлары бар сияқты. Олар Усман мен Шавкат арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыруға шешім қабылдағанға ұқсайды", - деді Колби Ковингтон.

Сондай-ақ 36 жастағы Колби Ковингтон қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновпен октагонда кездессе, оны жеңетініне сенімді екенін айтты.

"Мен оны қыспаққа алып, басып тастай аламын. Оған менің жекпе-жек мәнерім ұнамайды. Ол солақайларға қарсы дұрыс төбелесе алмайды. Біз оның Джефф Нилмен өткізген жекпе-жегін көрдік – бұл өте тартысты кездесу болды. Ол әлі дивизиондағы топ үміткерлермен кездескен жоқ. Кейбір топ-10 шегіндегі жігіттермен жұдырықтасты, бірақ мен сияқты чемпиондармен жекпе-жекке шыққан жоқ. Мен оның әр бес раунд бойы қысымға шыдас бере алмайтынын білемін. Ол бойы ұзын, бірақ одан ерекше ештеңе байқап тұрған жоқпын. Оның бірнеше жақсы жекпе-жектері болды және ол өте "қолайсыз" қарсылас екенін жасырмаймын. Бірақ ол бұл артықшылығын тек күрескен кезде пайдалана алады. Ал менімен ол бұлай жасай алмайды. Мен оны оңай жеңемін", - деп пікір білдірді Колби Ковингтон.

Айта кетейік, америкалық файтер Колби Ковингтон кәсіби мансабында 21 кездесу өткізіп, 17 жеңіске жетсе, 4 рет жеңіліс тапқан. Соңғы рет ол былтыр 16 желтоқсанда Леон Эдвардстан төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңілген болатын. 

    Көп оқылды: