Басшылық тағайындаудағы былықтар анықталды фото: pexels.com

Бұл мәселе саланың дамуына кәдімгідей нұқсан келіп жатыр

Спорт мектебі басшыларының біліктілігі арнайы талаптарға сай келмейді. Бұл жөнінде Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған жұмыс тобының отырысында айтылды, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Сала мамандары еліміздің барлық аймағына арнайы барып, 5 бағыт бойынша сараптама жүргізді. Нәтижесінде, біраз олқылықты анықтады. Мәселен, Түркістан облысында 62 спорт мектебі болса, оның 12-сінде басшысының біліктілігі арнайы талаптарға сай емес. Басқа аймақтарда да осыған ұқсақ жағдайлар кездеседі. Бұған қоса, біраз жерде аға жаттықтырушылар спорт басқармасының келімісінсіз тағайындалған. 1 спортышыны 2 спорттық мекемеге тіркеп, қосымша төлемдер алып жүрген деректер де бар. Бұның барлығы саланың дамуына кәдімгідей нұқсан келіп жатыр дейді жұмыс тобының өкілдері. 

 «Министрдің тапсырмасымен құрылған жұмыс тобы бір айдан аса уақытта барлық аймақты аралап, спорт саласындағы жұмыстарға мониторинг жүргізді. Өздеріңіз байқағандай, біраз олқылық бар. Жергілікті бапкерлермен, мамандармен және салаға жауапты басшылармен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Енді саладағы проблемарады кешенді түрде бір жолға қою қажет. Қазір әр пролемаға жеке-жеке үңіліп, осындай отырыстарда кеңінен талқылап, оны шешудің жолдарын қарастырылып жатырмыз», – деді арнайы жұмыс тобы төрағасының орынбасары Руслан Есеналин.

    Көп оқылды: