Қазақстанда спорт нысандарының стандарты жоқ

Кей аймақтарда спорттық нысандар басымдық берілген бағыттарға емес, басқа мақсатта қолданылып отырғаны анықталған.

Нақты талаптар болмағасын, спорт кешендерін әркім әртүрлі салады. Жеме-жемге келгенде олар жарыс өткізуге не жаттығу жасауға қолайсыз болып жатады. Бұл жөнінде ҚР Туризм және спорт министрлігі жанындағы жұмыс тобының өкілі, елімізге еңбек сіңірген жаттықтырушы Тастанбек Есентаев мәлімдеді. Оның айтуынша, ортақ стандарттар енгізу керек. 

Бұған қоса, елімізде спорт кешендерінің жетіспеушілігі қатты байқалады. Туризм және спорт министрлігінің әр 1000 адамға 80 шаршы метр жабық спорт кешені болу керек деген бұйрығы бар. Бұл көрсеткіш салыстырмалы түрде Павлодар және Жамбыл облыстарында ғана тәуір. Яғни, сәйкесінше, 63 және 64 процентті құрайды. Ал, ең төмен көрсеткіш Алматы және Астана қалаларында. Яғни, бұл жерлерде спорт нысандарының жетіспеушілігі кәдімгідей байқалады. 

Сонымен қатар, сенімгерлік басқаруға беру бастамасы да тиімсіздігін көрсетіп отыр. Яғни , олар спорт нысандарының жетіспеушілігін пайдаланып, спорттық мектеп өрендерін тығырыққа тірейді дейді Тастанбек Есентаев. Мәселен, Алматы қаласындағы 16 мекеме 800 миллион теңге, ас Астана қаласындағы 19 мекеме 1,5 миллиард теңгені жыл сайын жалға алу үшін төлеп отыр. 

Кей аймақтарда спорттық нысандар басымдық берілген бағыттарға емес, басқа мақсатта қолданылып отырғаны анықталған. Бұл да аймақ спортының дамуын тұралатынын факторлардың бірі. Ал, шалғай ауылдар мен аудандарда инрфрақұрылым мәселесі, тіптен, мүшкіл дейді мамандар.

    Көп оқылды: