Спорттағы былық: қаржы тиімді қолданылмаған Dopmedia AI

Соңғы 4 жылдағы көрсеткіштерді сараладық. Нәтижесінде, олимпиадалық емес спорттарға көбірек ақша бөлнетіні анықталды.

Спорттық нысандарын жөндеудің орнына, қымбат көліктер сатып алынған. Ал, спортшылардың керек-жарақтары жартылай ғана қанағаттандырылып келген. Өңірдерде спорт саласына бөлінген қаржы осылай оңды-солды жұмсалып жатыр. Бұны  ҚР Туризм және спорт министрлігі жанындағы жұмыс тобы  анықтады. 

Бұған қоса, кейбір аймақтар олимпиадалық спорт түрлерін жауып, оның арнына олимпиадалық емес түрлерін ашуға әуес. Бұл жағдай халықаралық жарыстарда оңай жетістікке жетіп, сол арқылы салаға жауаптылардың айлыққа қосымша төлем процентін көбейтуге мүмкіндік береді дейді жұмыс тобының өкілі Айжан Айтқожақызы.

«Соңғы 4 жылдағы көрсеткіштерді сараладық. Нәтижесінде, олимпиадалық емес спорттарға көбірек ақша бөлнетіні анықталды. Мысалы, ушу спортына қарастырылған қаржы велоспорт не биатлонға қарағанда 80 процентке көп. Эстетикалық гимнастикаға берілетін ақша, жоғарыдағы велоспорт не биатлонға қарағанда 46 процентке көп. Осылай кете береді. Алдағы күндері әр олқылықты жеке-жеке қарап, оны реттеуге қатысты ұсыныстар дайындалады» - деді ҚР Туризм және спорт министрлігіне қарасты олимпидалық даярлау орталығының бас есепшісі Айжан Айтқожақызы.

    Көп оқылды: