Қазақстанда қағаз жүзінде 46 ипподром бар. Ал, халықаралық не республикалық жарыстар өткізуге оның 5-еуі ғана қолданылады.
Қазақстанда қағаз жүзінде 46 ипподром бар. Ал, халықаралық не республикалық жарыстар өткізуге оның 5-еуі ғана қолданылады. Қалғандары тиісті талаптарға сай емес. Бұндай қорытындыны да спортқа жауапты министрлік жанындағы жұмыс тобы шығарды. Өңір-өңірді аралаған мамандар ұлттық спорттардың деңгейін бағалап, қордаланған мәселелерді көтерді.
Жабық спорт кешендерінде өтетін қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ сияқты бағыттардың дамуы, салыстырмалы түрде, жақсы. Ал, ат спорттарың алға жылжуына біраз кедергі бар. Жалпы ұлттық спорттарды дамыту жүйесіне үлкен өзгеріс қажет дейді Ұлттық жәнек ат спорты түрлері орталығы директорының орынбасары Қарлығаш Рамазанова.
«Бізде ұлттық спорт түрлері бойынша мектеп те, клуб та болуы керек. Өйткені, біз спорттық жүйені пирамида ретінде көреміз. Яғни, бірінші мектептер, одан кейін клубтар, одан кейін жоғары шеберлік мектептері және ең басында Қазақстанның ұлттық құрама командасы тұруы қажет. Сол реттілік сақталмай, жүйе бұзылып тұр. Мысалы, Түркістан облысында спорт мектебі бар. Бірақ, клуб жоқ. Ал, мектеп тек спортшыларды 21 жасқа дейін ғана ұстай алады. Кей аймақтарда, керісінше, клубатры бар. Бірақ, мектебі жоқ. Осындай 10 аймақты анықтадық. Сонда клубтағы ересек спрортшылар қайдан шықты? Жасөспірім және жас кездерінде қай жерде шеберлік шыңдады? Міне, осындай қарама-қайшы жағдайлар жиі кезедседі» - деді Қарлығаш Рамазанова.