ПАРИЖ-2024: Олимпиаданы қайдан көре аламыз?

Париждегі 2024 жылғы Олимпиада ойындары Қазақстанда тікелей эфирде көрсетіледі

Алғаш рет төртжылдықтың басты жазғы ойындарын бірден бес телеарна көрсетеді: Qazsport, "Хабар", Qazaqstan, "Ел Арна" және "Жібек Жолы". Бұл Олимпиаданың көрермен көзайымы болуына ықпал етеді. 

Айта кетейік, 2024 жылғы Париж олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.