Самат Жетібаев Серпухов қаласында өткен «IBA чемпиондар түні» кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетті
Жетібаев Филиппин боксшысы Джей-Ра Ракинелге шаршы алаңда қарсы шықты-,деп хабарлайды dopmedia.kz
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек толық сегіз раундқа созылып, төрешілер шешімімен Жетібаев жеңіске жетті.
Жақында Самат Жетібаев Астанада өткен әуесқойлар арасындағы «Елорда кубогы» турнирінде өнер көрсетіп, 1/8 финалда Кәрім Серкебаевқа есе жібергенін айта кетейік.