Қазақстанда курьерлер қанша ақша табады? prufy.ru

Олардың айлықтары қанша?

Қазіргі таңда Қазақстанда курьерлік қызметтерге сұраныс күннен күнге артып келеді. Әсіресе, пандемия кезінен бері онлайн тапсырыстардың көбеюіне байланысты курьерлердің жұмысы өте өзекті болып, олардың табысы да назарға ілікті. Dopmedia.kz тілшісі елімізде «Яндекс» және «Indriver» курьерлері қанша ақша таба алатынына зерттеу жүргізді. 

«Яндекс Еда» және «Яндекс Go» арқылы курьерлерді жалдау қызметі әсіресе Алматы мен Астана қалаларында кеңінен таралған. Орта есеппен алғанда, «Яндекс» курьерлері:

Күнделікті табыс: 5 000-10 000 теңге шамасында, бұл жұмыс сағатына, тапсырыстар санына және қашықтыққа байланысты.

Айлық табыс: 200 000-нан 400 000 теңгеге дейін, егер курьер күнделікті жұмыс істесе және үлкен қалаларда жеткізу қызметін атқарса.

Көптеген курьерлердің айтуы бойынша, «Яндекс» платформасы арқылы көбірек тапсырыс орындауға мүмкіндік бар. Әсіресе белсенді уақыттарда (түскі және кешкі мезгілдерде) жұмыс істесе, қосымша бонустар мен сыйақылар алу ықтималдығы да жоғарылайды. Сонымен қатар, компания кейбір мерекелік күндері қосымша коэффициенттер ұсынады.

Indriver курьерлері тапсырыстарды тікелей клиенттермен келісіп орындайды, сондықтан табыс мөлшері де әр тапсырысқа байланысты өзгереді. Әдетте Indriver платформасы әрбір жеткізу бойынша тікелей төлем жасауға мүмкіндік береді.  Бұл курьерге тапсырыс бағасын келісуге және тәуліктің түрлі уақытында өзіне ыңғайлы бағаны қоюға жол ашады.

Күнделікті табыс: 5 000-нан 12 000 теңгеге дейін, бұл курьердің қаншалықты белсенді жұмыс істейтініне байланысты.

Айлық табыс: 200 000-нан 350 000 теңге аралығында болуы мүмкін.

Indriver арқылы жұмыс істейтін курьерлер тәуелсіз болғандықтан, кез келген уақытта жұмысқа кірісіп, келісілген бағада жеткізу қызметін атқара алады. Бұл курьерлерге қосымша еркіндік береді, бірақ табысы әр кезде тұрақты болмауы мүмкін.

    Көп оқылды: