Еуропа Чемпионатынының шешуші ойынында Англия құрамасы испандықтардан 1:2 есебімен жеңіліс тапты
Матчтан кейінгі баспасөз маслихатында Англия ұлттық құрамасының ойыншысы ойынға қатысты жеке пікірін білдірді,- деп хабарлайды dopmedia.kz
«БАРШАМЫЗДЫҢ ҚАНДАЙ СЕЗІМДЕ ЕКЕНІМІЗДІ АЙТУ ҚИЫН»
Дәл қазіргі сәтте барша команда мүшелерінің қандай сезімде жүргендерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ойын қиын болды. Жетістікке жету үшін бар күшімізді салдық. Қолымызда тұрған жеңісті ең соңғы минуттарда жоғалту өте қиын. Топтық кезеңдерден бастап мықты ойын көрсетуге тырыстық. Бұл ойында да солай еді. Бірақ, бір қадам жасап нәтижелі жеңіске жете алмадық
"ФИНАЛҒА ШЫҒУ ОҢАЙ ЕМЕС"
Бірінші таймда шабуыл жасауға тырыстық. Командада дұрыс жұмыс істей алмадық. Екінші таймда әлдеқайда жақсы ойын көрсетіп едік. Бір ортада қателік жасап, жеңімпаз атана алмадық. Мұны "жіберіп алған мүмкіндік" дер едім. Чемпионаттың финалына шығу оңай емес. Жеңіскек жету біздің қолымыздан тағы да келмеді.
«БАСЫМЫЗДАН КЕШКЕН ЖАҒДАЙ ЖАН АУЫРТАРЛЫҚ»
Бұл жеңіліс жүрекке ауыр тиеді. Мұның ауыртпашылығы бірден ұмытыла қоймас. Гарет Саутгейт орынын босатып, құрамадан кетеді. Бұл шешімге нақты келіп, жағдай жасау үшін уақытын бөлуге тиісті. Саутгейт үшін жеңіске жеткіміз келген еді,- деді Кейн.