Грек-рим күресінен балуандарымыз әлем чемпионатында күміс медаль еншіледі olympic.kz. Суретте: балуан Алпамыс Болатұлы

Қазақстандық балуандар әлем чемпионатының күмісін еншіледі

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен 17 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында балуандарымыз екі күміс медаль еншіледі, деп Dopmedia.kz хабарлайды. 

Грек-рим күресінен 51 кг салмақта Алпамыс Болатұлы ақтық сында америкалық Джэйден Рэйниден 5:7 есебімен ұтылып, күміс медаль еншіледі. 

80 кг салмақта белдескен Еркебұлан Анапия финалда нейтралды спортшы Михаил Шкариннен 0:3 есебімен жеңіліс тапты.