Криштиану Роналду – Еуропа чемпионатының ең нашар ойыншысы bangkokbook.ru

WhoScored порталы чемпионатқа қатысқан ең төмен нәтиже көрсеткен ойыншылардың тізімін жариялады

Тізімнің ішінде Португалия ұлттық құрамасының ойыншысы Криштиану Роналду мен испаниялық Ламин Ямаль да бар,- деп хабарлайды dopmedia.kz

Портал ойыншылардың допты қарсылас команданың тарапына нәтижелі соққыға дейін қаншалықты тез жеткізгенін есептейді. Ең төмен көрсеткішті португалиялық Роналду көрсетті. Сонымен қатар, үздік ондыққа франциялық шабуылшы Киллиан Мбаппе мен 17-жасар Ламин Ямаль да кірді. 

Толық ойыншылар тізімі мынандай: 

1. Криштиану Роналду (-3,5 xG);
2. Кай Хаверц (-3,1);
3. Ромелу Лукаку (-2,3);
4. Килиан Мбаппе (-2,0);
5. Мемфис Депай (-2,0);
6. Александр Митрович (-1,8)
7. Антуан Гризманн (-1,7)
8. Ламин Ямаль (-1,5).
9. Расмус Хойлунд (-1,5)
10. Анте Будимир (-1,4).