Қазақстан ұлттық бокс құрамасының бас бапкері Қайрат Сатжанов кейбір боксшылардың құрлықтық біріншілікке қатысушылар тізімінен неліктен шыққанын түсіндірді
Кеше барлық 13 салмақ дәрежесі бойынша ерлер командасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды. Тізімде 2024 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай болмады. Бас бапкер Қайрат Сатжанов құраманың кейбір көшбасшыларының не себепті жарысқа қатыспайтынын айтты.
"Қазіргі таңда бізде әлемдегі ең мықты командалардың бірі бар. Бұл жігіттер Азия чемпионатына барады. Ойлаймын, көптеген спорт түрлерінде біздегідей құрам тереңдігі жоқ: 11 еңбегі сіңген спорт шебері, әлем және Азия чемпиондары, Олимпиада жүлдегерлері. Тек Нұрбек Оралбайды, Асланбек Шымбергеновті және Қамшыбек Қоңқабаевты босаттық. Бұл шешім олардың жарақаттарына байланысты қабылданды. Қалғандары Шымкентте рингке шықты. Орта есеппен үш-төрт жекпе-жек өткізді. Тамаша турнир болды. Қарсыластары да мықты. Айта кетейін, жарысқа Түркия, Украина, Өзбекстан және Қырғызстан боксшылары да қатысты", – деді бапкер.
Айта кетсек, бокстан Азия чемпионаты 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Таиландтың Чиангмай қаласында өтеді.