Қазақстандық теннисші АҚШ турнирінің жартылай финалына шықты ©РИА Новости

Михаил Кукушкин «Челленджер» турнирінде жеңіске жетті

Қазақстандық танымал ракетка Михаил Кукушкин АҚШ-та өтіп жатқан "Челленджер" турнирінің ширек финалында жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды,-деп хабарлайды Dopmedia.kz 

Әлемдік рейтингте 121-ші орында тұрған Кукушкин кортта ресейлік теннисші Аслан Карацевті жеңіп кетті. 

Жалпы есеп 7:6 (2), 3:6, 6:1 құрайды. 

Михаилдың ендігі қарсыласы италиялық спортшы Маттиа Белуччи.