"Тобыл" футбол клубы Еуропа лигасынан ұшып кетті instagram.com / fctobol

«Тобыл» өз алаңында жеңіске жетсе де, Еуропа лигасынан құр қалды

УЕФА Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында "Тобыл" мен "Ружомберок" клубтары жауапты кездесу өткізді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Қос команда арасындағы кездесу Қостанайда өтті. Бұл матчта "Тобыл" командасы "Ружомбероктан" 1:0 есебімен басым түсті. Матчтағы жалғыз голды ойынның 8-минутында Ахмед Эль-Мессауди соқты. 

Бұл ойында "Тобыл" клубы жеңіске жетсе де, УЕФА Еуропа лигасының келесі кезеңіне шыға алмады. Себебі екі ойынның нәтижесі бойынша 3:5 есебі тіркеліп, қостанайлық клуб еурокубоктағы жорығын тәмамдады.

Айта кетелік, осыдан бір апта бұрын Словакияда өткен бірінші ойында "Тобыл" клубы "Ружомберокқа" 2:5 есебімен есе жіберіп қойған болатын.

Енді "Тобыл" футбол клубы УЕФА Конференция лигасында өнер көрсетеді.