Нұралы Әліпке інім сияқты қараймын – ҚФФ президенті fc-zenit.ru

Әділет Барменқұлов футболшымен қарым-қатынасы жөнінде айтты

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президенті Әділет Барменқұлов РБ Спорт сайтына берген сұқбатында "Зенит" командасының қорғаушысы Нұралы Әліппен қарым-қатынасы және футболшының санкт-петербургтік клуб сапындағы танымалдылығы туралы айтты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Нұралы Әліп – қазіргі уақытта "Зенит" футбол клубының негізгі құрамдағы ойыншысы. Осыған байланысты РБ Спорт порталының журналисі ҚФФ президенті Әділет Барменқұловқа футболшының алғашқыда беймәлім ойыншы болғанын, бірақ уақыт өте келе оның танымалдылығы артқанын айтып, бұл нәрсеге таңғалғанын сұрады. 

"Мүлдем таңғалмадым. Әліп жан-жақты талапшыл жігіт, ол өзін-өзі жігерлендірген спортшы, сондай-ақ оның бойында жауынгерлік сипатқа тән қасиеттер жеткілікті. Ол үлкен жүректі адам. Мұндай адамдар әдетте өмірден өзінің қалағанын алады. Мен оған інім сияқты қараймын", – деді Әділет Барменқұлов.

Айта кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Нұралы Әліп "Зенит" клубына 2022 жылдың басында ауысып келді. Клуб сапында ол 61 ойынға қатысты.

Сондай-ақ Нұралы Әліп жақында санкт-петербургтік "Зенитпен" Ресей Cуперкубогын жеңіп алған болатын. 

    Көп оқылды: