"Қайраттың" капитаны командадан кетті fckairat.com

Виктор Васин алматылық клубпен қош айтысты

Алмтылық "Қайрат" футбол клубының капитаны, ресейлік футболшы Виктор Васин командадан кетті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі клубтың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Виктор Васин "Қайрат" футбол клубына 2022 жылдың басында қосылды. Ресейлік футболшы алматылық клуб сапында 68 матч өткізіп, 4 гол соққан. Оның командамен келісімшарты өзара келісім бойынша бұзылды.

"Ол әріптестерін шабыттандырып, бізді қиын сәттерде қолдап, ойында әрқашан 100% беріліп ойнайтын. "Қайрат" футбол клубының үлкен ұжымы Викторға адалдығына, еңбекқорлығы мен кәсібилігіне шын жүректен алғыс айтады! Оған амандық тілей отырып, оның барлық бастамасы сәтті болсын дейміз!", – делінген клубтың мәлімдесінде.

Айта кетелік, алматылық "Қайрат" футбол клубы Қазақстан Премьер лигасының турнирлік кестесінде 22 ұпай еншілеп, 3-орында келеді.