Георгий Мамардашвили – әлемнің ең қымбат қақпашысы
Грузия құрамасының қақпашысы Георгий Мамардашвили мен Португалия құрамасының қақпашысы Диогу Кошта Еуро-2024 додасынан кейін әлемдегі ең қымбат қақпашылары атанды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Беделді Transfermarkt порталы әлемдегі қақпашылардың трансферлік құнына өзгеріс енгізді. Бұл рейтингте бірінші орынды Еуро-2024 турнирінде ерекше ойынымен көпшіліктің назарын өзіне аударған қос бірдей қақпашы – Георгий Мамардашвили мен Диогу Кошта бөлісті. Олардың трансферлік бағасы 45 миллион еуроға дейін жетті.
Бұл тізімнің одан кейінгі сатыларына "ПСЖ" қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма мен "Боруссия Дортмунд" қақпашысы Грегор Кобель (40 миллион еуро) жайғасты.
Transfermarkt нұсқасы бойынша әлемдегі ең қымбат қақпашылар:
1-2. Георгий Мамардашвили ("Валенсия") – 45 миллион еуро;
1-2. Диогу Кошта ("Порту") – 45 миллион еуро;
3-4. Джанлуиджи Доннарумма ("ПСЖ") – 40 миллион еуро;
3-4. Грегор Кобель ("Боррусия Дортмунд") – 40 миллион еуро;
5. Майк Меньян ("Милан") – 38 миллион еуро;
6-10. Гульельмо Викарио ("Тоттенхэм Хотспур") – 35 миллион еуро;
6-10. Давид Райя ("Арсенал") – 35 миллион еуро;
6-10. Эдерсон Мораес ("Манчестер Сити") – 35 миллион еуро;
6-10. Эдерсон Мораес ("Манчестер Сити") – 35 миллион еуро;
6-10. Андре Онана ("Манчестер Юнайтед") – 35 миллион еуро.