ATP Challenger Tour: Финалға кімдер шықты? KTF.KZ

Президент кубогы үшін Астанада өтіп жатқан ATP Challenger Tour турнирінің финалына шыққан теннисшілер анықталды

Бұл жарыс әлемнің 533-ракеткасы, 22 жастағы грузиялық Саба Пурцеладзе үшін сәтті болды,-деп хабарлайды dopmedia.kz

Грузиялық спортшы жартылай финалда әлемнің 437-ракеткасы, ресейлік Евгений Карловскийді  6:0, 6:4 есебімен жеңді.

С.Пурцеладзе финалда әлемнің 356-ракеткасы, болгариялық Димитар Кузмановпен чемпиондық атақты сарапқа салады. Д.Кузманов жартылай финалда рейтингіде 622-сатыда тұрған грузиялық Александр Бакшиді сүріндірді – 6:2, 6:4. А.Бакши кеше ширек финалда 3 сағат 21 минутқа созылған өте тартысты матчта рейтингіде 582-орындағы өзбекстандық Сергей Фоминді ұтқан еді – 7:6 (7:5), 6:7 (3:7), 7:6 (7:3).

Жасөспірімдер арасында әлемнің 15-ракеткасы, 16 жастағы Әмір Омарханов бұл турнирге алғаш рет қатысты. 

Келесі жылы қарашада 18 жасқа толатын теннисшінің ересектер арасындағы додаларға біртіндеп қосылуға толық мүмкіндігі бар.