«Ордабасы» , «Тобыл», «Ақтөбе» лигалардан шығып қалды.
Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов Чемпиондар лигасындағы, Еуропа лигасындағы және Конференция лигасындағы еліміздің футбол командаларының жарыс жолығынан шығып қалуын түсіндірді, – деп хабарлайды Dopmedia.kz редакциясы МатчТВ-ға сілтеме жасап.
«Ордабасы» Чемпиондар лигасынан, «Тобыл» Еуропа лигасынан, «Ақтөбе» Конференциялар лигасынан шығып қалды. Мұны ҚФФ президенті былай деп түсіндіреді:
«Клубтардағы менеджмент деңгейінің төмендігі басты себептердің бірі. Қазір клубтар тек бюджеттік қаражатты игерумен айналысады. Біз клубтарға жұмысты ретке келтіруге көмектесетін басқару стандартын әзірлеп ұсындық. Дегенмен, Қазақстанда ешбір футбол клубы оны ерікті түрде енгізген жоқ. Жылдың соңына дейін әлі уақыт бар, біз маусымның қорытындысы бойынша бағалайтын боламыз. Менің ойымша, келесі жылы бұл стандарт лицензиялау үшін міндетті болады. Бұл біздің клубтардағы басқару сапасын арттыру және жаңа деңгейге шығу үшін қажетті қадам.
Клубтар ескі схемалар бойынша жұмысын жалғастыруда, бұл ұйымдастырушылық қателіктер мен кемшіліктерге әкеледі. Селекциялық қызмет тиімсіз, скауттық және аналитикалық қызметтер нашар жұмыс істейді немесе мүлдем жоқ. Жаттықтырушылар штабының қалыптасуы құзыреттілік моделін енгізбей-ақ өтеді. Футболшылардың физикалық формасы сұрақ тудырады, әсіресе біздің маусымның ортасы болғанын ескерсек, ал қарсыластардікі әлі басталған жоқ.
Менеджмент жаттықтырушылар мен ойыншылардың жұмысымен ғана шектелмейді, сонымен қатар жаттықтырушылар штабының табысты жұмысы мен футболшылардың міндеттерін орындауы үшін жағдай жасауды қамтиды. Біз бұл мысалды ұлттық құраманың ойындарында көрсеттік. Бұл жұмыстың барлығы біртұтас жүйеге біріктірілген кешенді тәсілмен ұйымдастырылуы керек. Сонда ғана біз оң нәтижелерді көреміз».
Айта кету керек, қазақстандық футбол командалары толығымен лигалардан шығып қалды деуге де келмейді. Себебі «Тобыл», «Ордабасы» және «Астана» Конференциялар лигасында өз жолын жалғастырады.
«Бұл деңгейде бәсекелестік өте жоғары, және барлық біздің клубтарымыз қиын қарсыластармен бетпе-бет келеді. Әрқайсысы топтық кезеңге шығу үшін күреседі. Сондықтан өзімізді дұрыс бағалап, терең талдау жасап, жұмысқа кірісу маңызды. Бұл клубтың әкімшілік блогының, жаттықтырушылар штабының, медициналық персоналдың және басқа да қызметтердің үйлесімді жұмысын талап етеді. Мұндай турнирлер тек жеңістер туралы ғана емес, қазақстандық футболдың беделін арттыру мүмкіндігі екенін есте ұстаған жөн», – деді Әділет Барменқұлов.