Халықаралық Олимпиада комитеті Қазақстаннан қатысатын 12 үздік спортшыны атады
Олимпиада ойындарының ресми сайтында Парижде (Франция) өтетін Олимпиадада Қазақстан құрамасының атынан өнер көрсететін жұлдыздар туралы айтылды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Назым Қызайбай – бокс, 50 кг
Бокстан 48 кг салмақ дәрежесінде 2014 және 2016 жылғы әлем чемпионы. Ол ақыры Олимпиадаға қатысу туралы арманын жүзеге асырды. Париждегі Олимпиада ойындары оның өміріндегі алғашқы байрақты бәсеке саналады.
Валентина Хальзова – бокс, 75 кг
Сондай-ақ, Париждже өтетін бәсекеге боксшы Валентина Халзова да тұңғыш рет бақ сынайды.Ол 69 кг салмақ дәрежесінде 2016 жылғы әлем чемпионы атанған және 75 кг салмақ дәрежесінде 2023 жылғы әлем біріншілігінің қола жүлдесіне қол жеткізген болатын.
Сәкен Бибосынов – бокс, 51 кг
Ал Сәкен Бибосынов Олимпиада ойындарына бұған дейін қатысып үлгерген. 2021 жылы Токиода өткен Олимпиада ол 52 кг дейінгі санатта қола медальді еншілеген болатын. Сондай-ақ ол 2021 жылы өткен әлем чемпионатының жеңімпазы, 2022 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, ал 2019, 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Әбиба Абужақынова – дзюдо, 48 кг
Әлемдік рейтингтің үшінші нөмірі үшін Париждегі бәсеке дебют болмақ. Әбиба Абужақынова соңғы 2022 және 2024 жылғы әлем чемпионаттарының қола жүлдегері атанды.
Елдос Сметов – дзюдо, 60 кг
Елдос Сметов үшін Париждегі байрақты бәсеке бірінші сын емес. Ол 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадада 60 кг салмақ дәрежесінде күміс, ал Токиода қолаға қол созды. Сондай-ақ оның қоржынының әлем чемпионаттарының алтыны мен күмісі бар.
Милад Карими – спорттық гимнастика, көпсайыс
2023 жылғы әлем чемпионатында Милад Карими Қазақстан тарихындағы соңғы 26 жылдағы алғашқы жүлдесін сыйлады. Сондай-ақ ол әлемдік турнирдің қола жүлдегері атанды. Милад Токиодағы сынға да қатысқан.
Нора Джеруто – жеңіл атлетика
Нора Джерутоның негізгі шыққан жері – Кения. 2022 жылдың қаңтарында Қазақстан құрамасында өнер көрсету құқығына ие болды. Сол жылы әлем чемпионатында рекорд орнатып, турнирде жеңіске жетіп, өз командасына алтын әкелді.
Руслан Құрбанов – семсерлесу
2023 жылғы әлем біріншілігінде Руслан Құрбанов семсерлесуден әлем чемпионатының жүлдесін жеңіп алған қазақстандық алғашқы спортшы. Русланның мансабындағы бұл екінші Олимпиада.
Айдос Сұлтанғали – грек-рим күресі, 60 кг
Балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының тұғырына екі рет көтерілді. 60 кг дейінгі санатта ол 2018, 2022 әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Бірақ ол биыл Олимпиада ойындарына тұңғыш рет барады.
Демеу Жадраев – грек-рим күресі, 77 кг
2017 жылғы әлем чемпионатының 71 кг дейінгі санаттағы күміс жүлдегері Демеу Жадраев Токиода 77 кг дейінгі санатта өнер көрсетті.
Азамат Дәулетбеков – еркін күрес, 86 кг
Азамат Дәулетбеков үшін 2024 жылғы Олимпиада ойындары мансабындағы алғашқы бәсеке болады. Сондай-ақ ол 86 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі фавориттердің бірі саналады. Ол 2022, 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Елена Рыбакина – теннис
Токио Олимпиадасында Елена Рыбакина төртінші орынға ие болды. 2022 жылы Уимблдонды жеңіп алды, сонымен қатар 2023 жылы Австралия ашық чемпионатының финалисті болды. қазіргі уақытта ол әлемнің төртінші ракеткасы.