"Одан басқа әлемде үздік клуб жоқ" - Бензема Фото AFP

Карим Бензема әлемдегі ең үздік футбол клубын атады

Сауд Арабиясының ФК  "Әл-Иттихад"  шабуылшысы Карим Бензема "Marca" басылымына берген сұхбатында қай клубты әлемнің ең үздігі деп санайтынын мәлімдеді. Бұл туралы dopmedia.kz хабарлайды. 

- Өткен маусымда Мадридтік Реал үлкен жетістікке жетті. Сіз бұл жайлы не ойлайсыз?

- Иә-иә, маусым өте әсерлі болды. "Реал" әрқашан әлемдегі ең үздік команда болып қала береді. Бірі кетіп, бірі келсе де  "Реал" әрдайым ең шыңында жүреді. Ол- ең үздік клуб және оны дәлелдеуді жалғастырады

- "Реалға" бәсекелес бола алатын өзге команда ретінде кімдерді айта аласыз? 

Айтқанымдай, бұл әлемнің ең ТОП-командасы. Олар өте мықты және бүкіл титулға қол жеткізу үшін барларын салады. Бір уақытта ойланып, "Реалдан" кім асып түсер екен деп ойлаймын. Бірақ, одан мықты болар ешкім жоқ. 

36-жасар Карим Бензема "Реал Мадрид" сапында 2009-2023 жылдар аралығында ойнады. Кейін Сауд Арабиясының "Әл-Иттихад" командасымен 2026 жылға дейін келісімшарт жасасты.