"Барселона" Кантены арабтардан жалға алмақшы Фото: twitter.com/ittihad

Бүгінгі күні Н'Голо Канте Сауд Арабиясының чемпионатында өнер көрсетіп жүр

2023 жылы Кантеның "Челсимен" келісім-шарт мерзімі аяқталған болатын. "Барселона" футбол клубы французбен келісімсөз жүргізуді жоспарлап жүрген еді, алайда жартылай-қорғаушы Сауд Арабиясының сапында өнер көрсетуді таңдады. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды. 

Биылғы жазда Канте Еуропа Чемпионаты ойындарында мінсіз ойын көрсетті. Соның нәтижесінде "Вэст-Хэм" французды қайтаруды жоспарлаған еді. Бірақ, "Аль-Иттихад" олардың ұсыныстарын қабылдамаған көрінеді. 

Айта кетейік, "Барселона" футбол клубы да алдағы 2024/25 маусымына ойыншыны арабтардан жалға алмақшы. 

 

    Көп оқылды: