«Әл-Наср» Роналдуды жоғалтты: Футболшы мансабын аяқтады ма? Фото: © Justin Setterfield / Staf / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

Португалиялық ойыншы жасыл алаңға шыға алмайды

Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы мен Саудиялық «Әл-Наср» футбол клубының ойыншысы Криштиану Роналду команда сапында ойын өткізе алмайтын болды,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі. 

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, Криш қатты науқастанып қалған. Ол алдағы Иранда өтетін ойынға қатыса алмайды. 

Айта кетейік, Роналдуның саудиялық клубпен келісімшарты 2025 жылдың маусым айында бітеді.