Қазақстан азаматтығын алған футболшы Қостанайға келді kazfootball.kz

Александр Зуев «Тобылға» ауысты

Қостанайлық "Тобыл" футбол клубы 28 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Александр Зуевпен келісімшартқа отырды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

"Қостанай футбол мектебінің тәрбиеленушісі туған клубымен келісім-шартқа отырды. Александр Зуев 1996 жылы 26 маусымда Қостанайда дүниеге келді. Футболды «Тобыл» үйірмесінде бастады, алғашқы бапкері – Рафик Балбабян. 2005 жылы Зуевтер отбасы Қазақстаннан Ресейге көшіп, Александр футбол жолын жалғастырды.

Ол жылдары «Спартак», «Ростов», «Рубин», «Химки», «Крылья Советов», сондай-ақ сербиялық ИМТ сияқты танымал клубтарда ойнады. Қостанайға дейін Александр Туланың «Арсеналында» доп тепті. Зуев 2013 жылы Еуропа чемпионатын (U-17) ұтқан, Ресейдің жасөспірімдер құрамасына, сондай-ақ жастар құрамасына үнемі шақырылып отырды. Өткен жылдан бастап ол Қазақстан ұлттық құрамасында ойнайды, тіпті гол соғып үлгерді. Александр Зуев – жартылай қорғаныста да, вингер позициясында да ойнауға қабілетті жан-жақты футболшы. Үнемі қозғалыста жүреді, талапшыл, доппен белсенді, бүкіл сол қапталды жаба алады", – деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Александр Зуев ҚР азаматтығын алғанға дейін Ресейдің жасөспірімдер мен жастар құрамасында өнер көрсеткен. 

 

    Көп оқылды: