Аралас жекпе-жек файтері Жалғас Жұмағұлов мәлімдеме жасады.
Жалғас Жұмағұлов «Rukh Entertainment» подкастына берген сұқбатында өзінің үшінші әйел алғысы келетінін жариялады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
- Түсінгенім бойынша сенің қазір үш әйелің бар?
- Әзірге тек екеу. Жақын арада үшеу боп қалар (күлді)...Мұны былай түсіндірейін: арыстандар көп, бірақ бүкіл арыстан прайдты асырамайды, дұрыс па? Менің өз прайдым бар. Мен әйелдерді жақсы көремін. Ал, егер әйелді жақсы көрсең- онда үйлен. Егер бір әйелге қанағаттансаң, онда біреуіне көңілің толып жүре берсін.
Біздің хикаямызға назар салсаң...Сендердің аталарың қандай болғанын білмеймін, өз аталармның бірнеше отауы болған. Көп әйел алу- біздің мәдениетімізде кездесетін нәрсе. Бұл үлкен мәселе емес. Көбісінің ойынша, екі отбасыны асырау оңай болып көрінеді. Бірақ, қаншама қиындықпен кездесетініңді ешкім білмейді. Қандай жағдай болмасын, бірінші әйеліңе қалай қарасаң, екінші әйеліңе де солай тең қарау керексің. Себебі, бұл- сенің жауапкершілігіңде»,- деді Жако.