Олимпиадада ел намысын қорғайтын спортшылар жайлы не білеміз?
Париж Олимпиадасының ресми ашылу салтанатына бір күн қалды. Байрақты бәсекеде ел намысын 80 спортшы қорғайды. Бірақ Париж төрінде сынға түсетін осы спортшыларымыздың бірқатары өзге елде дүниеге келген, деп Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Қазақстан атынан қатысатын спортшылардың қатарында Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Украина, Кенияда дүниеге келген жандар бар. Бірақ көбісі өзге елде дүниеге келсе де, Қазақстанда өсіп-өнген, өмірінің біраз бөлігін осы елде өткізген. Осыған байланысты өзге елде кіндік қаны тамып, қазіргі уақытта Олимпиадада ел намысын қорғайтын спортшылар туралы шолу жасадық.
Жеңіл атлетика
Нора Джеруто – Кенияда дүниеге келген. 2022 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді. 2022 жылы жеңіл атлетикадан Қазақстан атынан тұңғыш әлем чемпионы атанды.
Дейзи Джепкемей – Кенияда дүниеге келген. 2022 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді.
Дзюдо
Абиба Әбужақынова – Өзбекстанда дүниеге келген. 2022 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Эсмигүл Куюлова – Өзбекстанда дүниеге келген. 2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері.
Бокс
Сәкен Бибосынов – Өзбекстанда дүниеге келген. 2021 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы атанған. Токио Олимпиадасының қола жүлдегері.
Теннис
Елена Рыбакина – 2018 жылдың маусым айында Қазақстан азаматтығын алды. Әлемдік рейтингте 4-орында тұр.
Юлия Путинцева – 2012 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді. Әлемдік рейтингте 30-орында тұр.
Александр Бублик – 2012 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді. Әлемдік рейтингте 25-орында тұр.
Александр Шевченко – 2024 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді. Әлемдік рейтингте 58-орында тұр.
Еркін күрес
Юсуп Батырмурзаев – Дағыстанның Сулак аймағында дүниеге келген. 2013 жылдан бастап Қазақстан атынан сынға түсіп жүр. 2020 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы.