Бүгін «Астана» футбол клубы сырт алаңда ойнайды
"Астана" футбол клубының жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов Sport Plus Qazaqstan-ға берген сұқбатында молдавиялық "Милсамиге" қарсы УЕФА Конференциялар лигасы аясындағы матчқа дайындығы туралы айтты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
"Молдоваға барар жол қиын болды, бірақ біз жеттік, қазір бәрі жақсы. Ойынға 100% дайын боламыз деп үміттенемін. "Милсами"? Кеше теориялық мәселелермен жұмыс істедік, содан кейін жаттығуға кірістік", – деді Эльхан Астанов.
Айта кетейік, УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында бүгін, 25 шілдеде "Астана" футбол клубы сырт алаңда молдовалық "Милсамиге" қарсы ойын өткізеді. Матч 22:00-де басталады.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?