Қазақстандық дзюдошылардың Олимпиададағы жарыс кестесі белгілі болды FRANCK FIFE/AFP via Getty Images

Қазақстандық дзюдошылар Олимпиаданың алғашқы күнінен бастап сынға түседі

Қазақстандық дзюдошылардың Париж Олимпиадасындағы жарыс кестесі белгілі болды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Олимпиадада бәсекені 27 шілдеде Абиба Абужақынова (48 кг) мен Елдос Сметов (60 кг) бастайды. Одан кейін 28 шілдеде Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), 29 шілдеде Данияр Шамшаев (73 кг), 30 шілдеде Абылайхан Жұбаназар (81 кг) мен Эсмигүл Куюлова (63 кг) сынға түседі. 

Ал 1 тамызда Нұрлыхан Шархан (100 кг), 2 тамызда Камила Берліқаш (78 кг) бақ сынаса, 3 тамызда аралас командалық жарыс өтеді. 

Айта кетейік, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында Елдос Сметов (60 кг) күміс, Отгонцецэг Галбадрах (48 кг) қола жүлдегер атанған болатын. 

Ал 2021 жылы өткен Токио Олимпиадасында Елдос Сметов қолаға қол жеткізді.

Жалпы Париж Олимпиадасында дзюдодан 14 салмақта 372 спортшы (ерлер мен әйелдер саны тең) шеберлік байқасады

    Көп оқылды: