Әлем чемпионы "Барыс" хоккей клубына ауысты Jonathan Kozub/NHLI via Getty Images

Америкалық хоккейші «Барыс» құрамын толықтырды

Америкалық қорғаушы Уилл Бутчер елордалық "Барыс" хоккей клубымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі елордалық хоккей клубының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

29 жастағы хоккейшімен келісімшарт 2025 жылдың 31 мамырына дейін бір маусымға созылады. 

Бутчер кәсіби мансабын Солтүстік Америкада өткізді. Уилл Бутчер Ұлттық хоккей лигасында (НХЛ) "Нью-Джерси" және "Баффало" командалары сапында 280 ойын өткізді. Өткен маусымда Америка хоккей лигасында «Уилкс-Барре/Скрэнтон» және «Айовы» клубтарында ойнады.

АҚШ құрамасының қорғаушы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды (2012 жыл) және ересектер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды (2018).