UFC чемпионы биылғы "Алтын доп" иегерін атады Federico Gambarini/picture alliance via Getty Images

Ахмет Қанатұлы

26 шілде, 2024

86

UFC чемпионы биылғы «Алтын допты» испаниялық ойыншы алатынын айтты

UFC-дің жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы Илия Топурия биылғы "Алтын доп" жүлдесін "Реал Мадрид" клубы мен Испания құрамасының қорғаушысы Даниэль Карвахаль алатынына сенімді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Marca басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Испаниялық футболшы Даниэль Карвахаль биыл "Реал Мадрид" құрамында Ла Лигада мен Чемпиондар лигасында топ жарды, сондай-ақ Испания құрамасы сапында Еуропаның үздігі болды.

"Ол Ла Лиганы, Чемпиондар лигасын жеңіп алды және Еурода топ жарды. Ол осы жылы ең көп жүлдені жеңіп алған футболшы, сондықтан ол "Алтын допқа" сөзсіз лайық", – дейді Илия Топурия.