Әбиба Әбужақынова алғашқы белдесуінде жеңіске жетті ijf.org

Әбиба Әбужақынова Олимпиаданы сәтті бастады

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова Париж Олимпиадасындағы алғашқы кездесуін өткізді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Әбиба Әбужақынова алғашқы белдесуінде Израиль дзюдошысы Шира Ришонимен кездесті. 48 кг салмақ дәрежесінде өткен белдесуде Әбиба Әбужақынова вазари әдісімен (1:0) есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова жазғы Олимпиада ойындырына тұңғыш рет қатысуда. Ол – әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері атанған. Отандасымыз әлемдік рейтингте 5576 ұпаймен үздік үштікте тұр.