Юлия Путинцева Олимпиадаға қатыспайтын болды
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Олимпиадаға қатыспайтын болды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, Юлия Путинцева алғашқы кездесуі алдында жарақат алып қалған.
"Путинцева Парижге келіп, алғашқы ойынға белсенді дайындық жүргізді. Бірақ, өкінішке қарай, украиналық Марта Костюкке қарсы алғашқы ойын алдында қыздырыну кезінде қазақстандық теннисші тізесінің ауырсынуын сезінді. Медициналық тексеруден кейін матчтан бас тарту туралы шешім қабылданды", – делінген теннис федерациясының мәлімдемесінде.
Путинцеваның орнына аустралиялық Лулу Сан ойнайды.
Айта кетейік, қазақстандық теннисші Олимпиаданың бірінші айналымында украиналық Марта Костюкпен кездесуі керек болған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина да Париждегі Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартқан болатын.
-
14 қыркүйек, 2024
Көшпенділер ойындарының жабылу салтанатынан фоторепортаж
-
14 қыркүйек, 2024
Көшпенділер ойындарының жабылу салтанатынан фоторепортаж
-
14 қыркүйек, 2024
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталды
-
13 қыркүйек, 2024
Ұлттық құрама еншісінде 144 медаль, оның 44-і алтын