Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салған мергендерді мараппаттады Charles McQuillan/Getty Images

Қазақстандық мергендерді марапаттау рәсімі өтті

Қазақстандық мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының марапаттау рәсімінде өз медальдарын алды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Алғаш рет Олимпиада ойындарына қатысып тұрған 25 жастағы Ислам Сатпаев пен 20 жастағы Александра Ле командалық сында Германия құрамасынан (Анна Янсен, Максимилиан Ульбрих) айласын асырған болатын. Осылайша, олар пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден Париж Олимпиадасының алғашқы жүлдесін ел қоржынына салды.

Бәсекенің ақтық сынында қытайлық Шэн Лихао мен Хуан Юйтин Оңтүстік Корея мергендері Ким Джи Хен пен Пак Ха Джунды 16:12 есебімен жеңді.

Ақтық сындағы бәсекеден кейін марапаттау рәсімі өтті: Сәтпаев пен Ле қола жүлдеге ие болды.

Бұл ату спортынан 1996 жылдан бері Қазақстан қоржынына түскен алғашқы олимпиадалық жүлде болып саналады.